Back

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мың бала” жобасы

 2024 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласының №101 орта мектебінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мың бала” жобасы аясында қазақтың біртуар перзенті Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған жыл сайынғы жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Диктант соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің “Қоғамдық келісім” РММ директоры Э. С.Масагутова мектеп оқушыларына Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы таныстырды, кітаптар сыйға тартылды. Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Leave A Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *