Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарына қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші сәуір мен 1-шы тамыз аралығында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Үлгілік ережелерге сәйкес, білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша сыныптарды толықтыруға жол берілмейді, ал бір сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы тиіс. Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері оқыту үшін кез-келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар (бос орын болған жағдайда). Мектеп балаларға негізгі білім береді, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытады және ұзақ жылдар бойы екінші үй болады. Ата-аналарға келетін болсақ, барлық қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеулері қажет, сонда бала қалаған мектебіне оқуға кедергісіз қабылданады.