Back

Жүректен шыққан сый: ақын мектепке кітап тарту етті

🇰🇿

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Астана қаласы әкімдігінің №101 орта мектебінде ерекше кездесу өтті. Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақ ПЕН-клубының мүшесі Бауыржан Қарағызұлы мектебімізге қазынаға бергісіз құнды кітаптарын сыйға тарту етті. Бұл сый мектеп кітапханасының қорын толықтырып, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.

Кездесу барысында ақын шығармашылығы, әдебиеттің қоғамдағы рөлі және кітап оқудың маңызы жайлы терең әңгіме өрбіді. Оқушылар ақынға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оның шығармашылық жолы, жазушылық шеберлігі мен әдеби көзқарасы туралы қызықты жауаптар алды. Әдебиетке жаны құмар оқушылар үшін бұл кездесу рухани азыққа толы болды.

Кездесу соңында Бауыржан Қарағызұлы мектеп кітапханасына сыйға берген кітаптарына өз қолтаңбасын қалдырып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Бұл игі іс дәстүрге айналып, жыл сайын жалғасын тапса, жас ұрпақтың рухани дамуына зор үлес қосары сөзсіз.

Мектеп директоры Алма Алтынханқызы мен ұжымы ақынға шынайы алғысын білдіріп, оның шығармашылығына толағай табыс тіледі. Кітап – білімнің сарқылмас бұлағы.

 Ал осындай кездесулер – жас оқырмандарға рухани серпіліс сыйлайтын маңызды шара болды.

#14ақпанхалықаралықкітапсыйлаукүні

Leave A Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *