Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
бос лауазымға конкурс жариялайды
«Педагог-психолог»
Мекен-жайы: Жаңа ғимарат дайын болғанша Сауран 5/1 мекенжайы бойынша құжаттар қабылданады.
e-mail: komfortschool_101@mail.ru
Байланыс телефоны: 8700 99 77 030
№ | Оқыту тілі | бос жұмыс орындарының саны | Жүктеме | Қызметтік еңбек ақы | Кандидатқа қойылатын талаптар |
1 | Орыс
Қазақ |
2
|
2
|
Еңбек өтілі мен санаттарына қарай 167 546-нан 241 882 ге дейін. | Білімі: жоғары
Еңбек өтілі бар / Санаты бар;
|
Функционалдық міндеттері | |||||
v оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
v білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді; v білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді; v инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді; v білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді; v білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды; v білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді; v әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; |
|||||
Конкурсты өткізу мерзімі | |||||
2024 жылғы 07 мен 15 тамыз аралығы | |||||
Құжаттар тізімі | |||||
v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
v жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); v кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); v Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; v еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); v “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). v психоневрологиялық ұйымнан анықтама; v наркологиялық ұйымнан анықтама; v сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. v тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
|
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды кандидаттар:
– 2024 жылғы 07 мен 15 тамыз аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, хабарландырудың электрондық және қағаз түрінде жарияланған соңғы күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.