Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
бос лауазымға конкурс жариялайды
«Бастауыш сынып мұғалімі»
Мекен-жайы: Төле би көшесі 57А
e-mail: komfortschool_101@mail.ru
Байланыс телефоны: 8700 99 77 030
№ | Оқыту тілі | бос жұмыс орындарының саны | Жүктеме | Қызметтік еңбек ақы | Кандидатқа қойылатын талаптар |
1 | Орыс тілі
|
4
|
16 сағат
|
Еңбек өтілі мен санаттарына қарай 126 976-дан 167 546-ға дейін. | Білімі: жоғары
Еңбек өтілі бар / Санаты бар;
|
Функционалдық міндеттері | |||||
v Педагогикалық этика ережелерін сақтайды, білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытады;
v Сабақ кестесіне сәйкес сабақ және басқа да сабақтар өткізеді, оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады; v Белгіленген тәртіпте оқу құжаттарын жүргізеді, оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, журналға баға қояды; v Оқу жылы басталғанға дейін бір рет пән бойынша орта мерзімді жоспар әзірлейді; тоқсан қорытындысы бойынша бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау жүргізеді.; v Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, сондай-ақ мекеменің жергілікті актілерін, мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін сақтайды; v ҚР «Білім туралы» Заңында, Бала құқықтары туралы Конвенцияда қамтылған білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды. |
|||||
Конкурсты өткізу мерзімі | |||||
2024 жылғы қазан айының 18 мен 28 аралығы | |||||
Құжаттар тізімі | |||||
v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
v жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); v кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); v Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; v еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); v “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). v психоневрологиялық ұйымнан анықтама; v наркологиялық ұйымнан анықтама; v сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. v тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
|
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды кандидаттар:
– 2024 жылғы қазан айының 18 мен 28 аралығы сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, хабарландырудың электрондық және қағаз түрінде жарияланған соңғы күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.