Back

Директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары

This event has expired

Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бос лауазымға конкурс жариялайды

«Директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары»

Мекен-жайы: Жаңа ғимарат дайын болғанша Сауран 5/1 мекенжайы бойынша құжаттар қабылданады.

e-mail: komfortschool_101@mail.ru

Байланыс телефоны: 8700 99 77 030

Оқыту тілі Бос жұмыс орындарының саны Жүктеме Қызметтік еңбек ақы Кандидатқа қойылатын талаптар
1 Қазақ

Орыс

 

           1

 

      1

 

Еңбек өтілі мен санаттарына қарай 223 867 -ден 256 960-ға дейін. Білімі: жоғары

Еңбек өтілі бар;

санаты бар;

Функционалдық міндеттері
v оқушыларды бейіндік оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді;

v бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және жоспарлауды, әртүрлі деңгейлік бағдарламаларды енгізуді, кәсіптік бағдарлау диагностикасын ұйымдастырады және талдайды, оқушылар мен түлектердің кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады;

v педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды ұйымдастыру және апробациялау бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен кездесуді ұйымдастырады;

v Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, сондай-ақ мекеменің жергілікті актілерін, мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін сақтайды;

v ҚР «Білім туралы» Заңында, Бала құқықтары туралы Конвенцияда қамтылған білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды.

Конкурсты өткізу мерзімі
2024 жылғы тамыз айының 07 мен 15 аралығы
Құжаттар тізімі
v осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

v жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

v кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

v Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

v еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

v “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

v психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

v наркологиялық ұйымнан анықтама;

v сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

v 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды кандидаттар:

– 2024 жылғы тамыз айының 07 мен 15 аралығы, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, хабарландырудың электрондық және қағаз түрінде ұсынуы тиіс.

Start Time

9:00 тд

Тамыз 7, 2024

Finish Time

5:00 тк

Тамыз 15, 2024

Address

Сауран 5/1 мекенжайы бойынша құжаттар қабылданады.