Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
бос лауазымға конкурс жариялайды
«АӘДТ жетекшісі»
Мекен-жайы: Жаңа ғимарат дайын болғанша Сауран 5/1 мекенжайы бойынша құжаттар қабылданады.
e-mail: komfortschool_101@mail.ru
Байланыс телефоны: 8700 99 77 030
№ | Оқыту тілі | бос жұмыс орындарының саны | Жүктеме | Қызметтік еңбек ақы | Кандидатқа қойылатын талаптар |
1 | Орыс
Қазақ |
1
|
1 мөлшер
|
Еңбек өтілі мен санаттарына қарай 167 546-нан 210 629 ға дейін. | Білімі: жоғары
Еңбек өтілі бар / Санаты бар;
|
Функционалдық міндеттері | |||||
v білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
v оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды; v басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді; v білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды; v әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді; v әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады; v білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс – шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді; |
|||||
Конкурсты өткізу мерзімі | |||||
2024 жылғы 07 мен 15 тамыз аралығы | |||||
Құжаттар тізімі | |||||
v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
v жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); v кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); v Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; v еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); v “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). v психоневрологиялық ұйымнан анықтама; v наркологиялық ұйымнан анықтама; v сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. v тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
|
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды кандидаттар:
– 2024 жылғы 07 мен 15 тамыз аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, хабарландырудың электрондық және қағаз түрінде жарияланған соңғы күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.