2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ САПАСЫН ТАЛДАУ
АНАЛИЗ КАЧЕСТВА ОБУЧЕНИЯ ПО ИТОГАМ ГОДА 2024-2025 УЧЕБНОГО ГОДА
2024-2025 оқу жылының жылының басында мектеп бойынша 4260 оқушы болды. Оның ішінде бастауыш білім деңгейінде – 1891 оқушы, негізгі орта білім беру деңгейінде – 1986, жалпы орта білім беру деңгейінде – 383. Мемлекеттік тілде оқытылатын білім алушылар саны – 1894, өзге тілде оқытылатын білім алушылар саны – 2366. Үйден оқумен қамтылғаны 1 тоқсан – 4, 2 тоқсан – 7 оқушы. Инклюзивті білім алушы I тоқсан – 37, II тоқсан – 44.
БІЛІМ АЛУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ / КОНТИНГЕНТ ОБУЧАЮЩИХСЯ
ОҚУ ЖЫЛДАРЫ | БАСТАУЫШ МЕКТЕП | НЕГІЗГІ МЕКТЕП | ОРТА МЕКТЕП | МЕКТЕП БОЙЫНША БАРЛЫҚКОНТИНГЕНТ | Динамика | ||||
жалпы сынып саны | оқушылар саны | жалпы сынып саны | оқушылар саны | жалпы сынып саны | оқушылар саны | жалпы сынып саны | Жалпы саны | ||
1 тоқсан | 65 | 1891 | 74 | 1986 | 14 | 383 | 153 | 4260 | +77 |
2 тоқсан | 65 | 1920 | 74 | 2028 | 14 | 389 | 153 | 4337 |

Қорытынды: Оқу жылындағы 1 тоқсан мен 2 тоқсан аяғындағы білім алушылар санын салыстырғанда оқу жыл аяғында +77 білім алушы саны артқаны байқалды.
Мектеп контингенті маңызды аспект болып табылады, оған сандық құрамы, сыныптардың толықтығы, білім алушылардың қозғалысы туралы ақпарат кіреді. Жергілікті ұлт оқушылары жалпы оқушылардың 98% құрайды. Толық отбасылардан шыққан балалар- 2003, ондағы балалары саны 6006, толық емес отбасылардан шыққан балалар-127, көп балалы отбасылар саны-157, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-1, материалдық көмекке мұқтаж балалар саны-23. Бір жыл ішінде оқушылардың қозғалысы ескеріліп, олардың сандық құрамы электронды журналдардағы оқушылар тізіміне сәйкес келеді. Келген/кеткен әрбір балаға ата – анасының өтініші және басқа мектепке/мектептен шығу/келу туралы растау талоны бар. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру «бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) сәйкес алынады.
1-11 сыныптар – 4260 білім алушы.
Қазақ тілінде – 68 сынып;
Орыс тілінде – 85 сынып;
Жай сынып -153;
Инклюзивті білім алушы саны – 44.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КЕЛУІ МЕН КЕТУІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ ПРИБЫТИЯ И ВЫБЫТИЯ ОБУЧАЮЩИХСЯ ЗА 2024-2025 УЧЕБНОГО ГОДА
Тоқсандық | Кеткен оқушылар саны Кол-во выбывших учащихся | Келген оқушылар саны Кол-во прибывших учащихся | Динамика |
1 тоқсан | 91 | 33 | -58 |
2 тоқсан | 78 | 68 | -10 |
Қорытынды: 1,2 тоқсан бойынша білім алушылар санының келуі мен кетуін салыстырғанда 1 жарты жылдық аясында -58,10 оқушы қосылған.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША
ОҚУ ҮЛГЕРІМІ МЕН БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИТОГИ УСПЕВАЕМОСТИ И КАЧЕСТВА ЗНАНИЙ ПО СТУПЕНЯМ ОБУЧЕНИЯ ЗА 2024-2025 УЧЕБНЫЙ ГОД
№ | Сыныптар Классы | Сынып саны | Оқыту тілі | Оқушылар саны Количество учащихся | Үздіктер Отличников | Екпінділер Ударников | Үлгермеушілер Неуспевающих | Сапа качества% | Успеваемости % |
1. | 1-4 | 65 | аралас | 1891 | 461 | 684 | – | 78,9 | 100 |
2. | 5-9 | 74 | аралас | 1986 | 337 | 1124 | – | 66,7 | 100 |
3. | 10-11 | 14 | аралас | 383 | 78 | 221 | – | 68 | 100 |
4. | Жалпы | 153 | аралас | 4260 | 876 | 2029 | – | 71,2 | 100 |
№ | Сынып тар Классы | Сынып саны | Оқыту тілі | Оқушылар саны Количество | Үздіктер Отличников | Екпінділер Ударников | Үлгермеушілер Неуспевающих | Сапа качества% | Успеваемости % | Динамика | ||||||
1 тоқ | 2 тоқ | 1 тоқ | 2 тоқ | 1 тоқ | 2 тоқ | 1 тоқ | 2 тоқ | 1 тоқ | 2 тоқ | 1 тоқ | 2 тоқ | 1,2 тоқсан | ||||
1. | 1-4 | 65 | 65 | аралас | 1891 | 1331 | 241 | 281 | 594 | 611 | – | – | 63,7 | 67,2 | 100 | +3,5 |
2. | 5-9 | 74 | 74 | аралас | 1986 | 2029 | 240 | 286 | 1006 | 1044 | – | – | 62,3 | 65,5 | 100 | +3,2 |
3. | 10-11 | 14 | 14 | аралас | 383 | 389 | 30 | 36 | 208 | 215 | – | – | 62,3 | 64,5 | 100 | +2,2 |
4. | Жалпы | 153 | 153 | аралас | 4260 | 3749 | 511 | 603 | 1808 | 1870 | – | – | 62,8 | 65,9 | 100 | +3,1 |
Қорытынды: Жалпы екі тоқсанды салыстыратын болсақ мектеп бойынша қазақ, орыс сыныптарын қоса есептегенде екі тоқсанның үздіктер саны бойынша салыстыратын болсам, 1-11-сыныптар бойынша үздіктер – 511/603, екпінділер- 1808/1870, ал пайызы бойынша 1 тоқсан 62,8%, ал 2 тоқсан 65,9% пайыз көрсеткішін көрсетті. Динамика +3,1 % пайызға өсім бары анықталды.
Оқу-тәрбие процесінің сапасын жүйелі бақылау мәселесі осы процестің барысын басқарудағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жүргізілген талдау нәтижесінде мыналар анықталды: Астана қаласы әкімдігінің №101 мектеп-лицейінің білім алушыларының үлгерім сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүзеге асырылды. Бұл үрдіс оқушылардың оқу іс-әрекетінде оқуы мен қолдауы үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар мен стратегияларды қамтыды. Жеке тәсіл: мұғалімдер әр оқушының қажеттіліктерін, білім деңгейі мен қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, онымен жұмыс істеудің жеке әдістерін қолданды. Бұл оқудағы қиындықтарды тиімді жеңуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесті. Сараланған оқыту: сабақтар оқушылардың дайындық деңгейіндегі айырмашылықтарды ескере отырып өткізілді, бұл әр оқушының өз қабілеттеріне сәйкес дамуына мүмкіндік берді.
Бақылау және кері байланыс: педагогикалық ұжым оқушылардың үлгерімін жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырды және оларға проблемалық сәттерді анықтауға және оларды шешу жолдарын табуға көмектесетін уақытылы кері байланыс берілді. Оқытудың барлық кезеңдерінде қолдау: мектеп әртүрлі қолдау түрлерін ұсынды, соның ішінде қосымша сабақтар (ақылы сабақтар, жазғы мектеп), мұғалімдерге кеңес беру, психологиялық және әдістемелік көмек берілді. Мотивацияны дамыту: ынталандырушы білім беру ортасын құру, жетістіктерді ынталандыру және конкурстар мен олимпиадаларға қатыстыру, оқушылардың оқуға деген ынтасын дамытуға және жақсы нәтижелерге ұмтылуына ықпал етті. Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану: заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін енгізу- оқу процесін білім алушылар үшін қызықты әрі қолжетімді етуге көмектесті. Бұл іс-шаралар мен стратегиялар білім беру мекемесінің басым міндеттерінің бірі болып, №101 орта мектебінің білім алушылардың үлгерімін, сапасын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, оқу-тәрбие процесін түзету мақсатында мұғалімдер оқушылардың оқу заңдылықтарын қадағалады, оқушылардың білімін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, аналитикалық әрекеттерді жүзеге асырды. Жыл сайын, әр оқу жылының басында білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында нөлдік бақылау жұмысы алынды. Ол қыркүйек айының ортасында өткізілді. Бұл кезеңде оқу процесінің оң және теріс белгілері анықталды. Нөлдік бақылау нәтижелерін талдау мұғалімнің білім беру процесіне қажетті түзетулер енгізуіне мүмкіндік берді. Оқушылардың белгілі бір пәндік саладағы оқу жетістіктерін және таңдалған оқыту әдістемелері мен технологияларының дұрыстығын бағалау үшін қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Бөлім мен тоқсандағы жиынтық бағалау мұғалімге оқу процесінің нәтижелерін және оқушыларға оқудың аралық және соңғы кезеңінде бағдарламалық материалды игерудегі жетістіктерін талдауға мүмкіндік берді. Әр тоқсанда параллельдер бойынша педагогикалық консилиумдар өткізілді, бөлімдердің нәтижелері директор, директордың орынбасары және т.б. кеңестерде қарастырылады. Оқушылардың мектепке деген көзқарасын анықтау бізге оқу мотивациясын, танымдық қызығушылық саласын, оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін зерттеуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бойынша педагогикалық іс-шаралар жүйесі белгіленді. Сонымен қатар біздің мектеп testter.kz, daryn.online, topiq.kz онлайн оқытудың ең үлкен ресурсына қосылған. Оқушыларды қабылдау үшін мектепке түсушілердің құжаттарын қабылдаудан өткізіледі. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлар өз жұмысында мектептің нормативтік-құқықтық актілерін, қолданыстағы заңнамалық актілерді басшылыққа алады. № 101 орта мектепте өтінімдер санының ұлғаюы байқалады. Мысалы, 2024-2025 оқу жылына электронды портал egov.kz арқылы 1-сыныпқа 500 оқушы қабылданды.
Мектептің іс жүргізуші ережелерге сәйкес алфавиттік кітап, оқушыларды ауыстыру, қабылдау жөніндегі құжаттарды жүргізеді. Оқушылардың жеке істері белгіленген талаптарға сәйкес ресімделді, жеке істердің нөмірлері алфавиттік кітаптағы нөмірлермен сәйкес келеді. Сыныптар бойынша тіркеу папкасында орналастырылған, кадр бөлімінде сақталады. Оларды сақтау және ресімдеу үшін іс жүргізуші мен сынып жетекшілер жауапты.
Ұлттық білім беру базасындағы сандық сипаттамалар шындыққа сәйкес келеді. Барлық сипаттамалар (тіркеу мәліметтері, білім беру процесі туралы негізгі мәліметтер, қызметкерлер, контингент, білім беру объектісі туралы негізгі мәліметтер, материалдық-техникалық база, қосымша мәліметтер) толтырылды.
Оқу-әдістемелік жұмыс. Оқушылардың үлгерімі
Әрбір білім беру мекемесі білім беру үрдісінің қалыпты жұмыс істеуін және дамуын, білім берудің жоғары сапасына қол жеткізуді, сондай-ақ білім алушылардың уәждемесінің, денсаулығы мен дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Оқу-тәрбие процесінің сапасын жүйелі бақылау мәселесі осы процестің барысын басқарудағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл процесті бірыңғай әдістеме бойынша арнайы қадағаламай, басқа мұғалімдермен салыстырғанда, мұғалімнің іс-әрекетінің дұрыстығын және оқушылардың пәнді игеруі мүмкін емес. Қазіргі уақытта мектептің алдына қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін өз қызметін диагностикалық-болжамдық негізде құруы қажет.
Жүргізілген талдау нәтижесінде мыналар анықталды: Астана қаласы әкімдігінің № 101 орта мектептің білім алушыларының үлгерім сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүзеге асырылуда. Бұл үрдіс оқушылардың оқу іс-әрекетінде оқуы мен қолдауы үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар мен стратегияларды қамтиды. Жеке тәсіл: мұғалімдер әр оқушының қажеттіліктерін, білім деңгейі мен қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, онымен жұмыс істеудің жеке әдістерін қолданады. Бұл оқудағы қиындықтарды тиімді жеңуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Сараланған оқыту: сабақтар оқушылардың дайындық деңгейіндегі айырмашылықтарды ескере отырып өткізіледі, бұл әр оқушының өз қабілеттеріне сәйкес дамуына мүмкіндік береді.
Бақылау және кері байланыс: педагогикалық ұжым оқушылардың үлгерімін жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады және оларға проблемалық сәттерді анықтауға және оларды шешу жолдарын табуға көмектесетін уақтылы кері байланыс береді. Оқытудың барлық кезеңдерінде қолдау: мектеп әртүрлі қолдау түрлерін ұсынады, соның ішінде қосымша сабақтар, мұғалімдерге кеңес беру, психологиялық және әдістемелік көмек беріледі. Мотивацияны дамыту: ынталандырушы білім беру ортасын құру, жетістіктерді ынталандыру және конкурстар мен олимпиадаларға қатыстыру, оқушылардың оқуға деген ынтасын дамытуға және жақсы нәтижелерге ұмтылуына ықпал етеді. Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану: заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін енгізу- оқу процесін білім алушылар үшін қызықты әрі қолжетімді етуге көмектеседі. Бұл іс-шаралар мен стратегиялар білім беру мекемесінің басым міндеттерінің бірі болып, № 101 орта мектепте білім алушылардың үлгерімін, сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, оқу-тәрбие процесін түзету мақсатында мұғалімдер оқушылардың оқу заңдылықтарын қадағалайды, оқушылардың білімін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, аналитикалық әрекеттерді жүзеге асырады. Тоқсан басында білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында нөлдік бақылау жұмысы алынады. Ол қыркүйек айының ортасында өткізіледі. Бұл кезеңде оқу процесінің оң және теріс белгілері анықталады. Нөлдік бақылау нәтижелерін талдау мұғалімнің білім беру процесіне қажетті түзетулер енгізуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың белгілі бір пәндік саладағы оқу жетістіктерін және таңдалған оқыту әдістемелері мен технологияларының дұрыстығын бағалау үшін қалыптастыруша бағалау жүргізіледі. Бөлім мен тоқсандағы жиынтық бағалау мұғалімге оқу процесінің нәтижелерін және оқушыларға оқудың аралық және соңғы кезеңінде бағдарламалық материалды игерудегі жетістіктерін талдауға мүмкіндік береді. Әр тоқсанда параллельдер бойынша педагогикалық консилиумдар өткізіледі, бөлімдердің нәтижелері директор, директордың орынбасары және т.б. кеңестерде қарастырылады. Оқушылардың мектепке деген көзқарасын анықтау бізге оқу мотивациясын, танымдық қызығушылық саласын, оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бойынша педагогикалық іс-шаралар жүйесі белгіленеді. Сонымен қатар біздің мектеп testter.kz, daryn.online, topiq.kz, onlinemektep.org онлайн оқытудың ең үлкен ресурсына қосылған, бұл 1-11 сынып оқушыларына білімін бақылаудың тәуелсіз құралын пайдалануға мүмкіндік береді: білімдегі олқылықтарды анықтау, оқушыларды ҰБТ, МОДО, мемлекеттік аттестаттауға, сондай-ақ PISA және TIMSS халықаралық бағалау бағдарламаларына дайындау. Осылайша, біздің оқушыларға кешенді дайындықтан өтіп, емтихандарды сәтті тапсыруына, сондай-ақ жалпы білім деңгейін арттыру мүмкіндігін береді.
2024-2025 оқу жылында мектеп kundelik.kz, Class room платформаларымен жұмыс жасау өте қолайлы жағдай туғызды. Бұл мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары арасындағы қашықтықтан оқыту мен өзара әрекеттесу мүмкіндігін едәуір арттырды. Платформалар оқу процесінде тиімді басқаруға арналған көптеген құралдарды ұсынады, соның ішінде сабақтарды жоспарлау, тапсырмаларды құру және бағалау, білім беру процесіне қатысушылар арасында ақпарат пен материалдармен алмасу және онлайн тестілеу мен білімді тексеру мүмкіндігін береді. Бұл білім беру процесінің икемділігі мен қолжетімділігін арттыра отырып, мектепте де, оның қабырғасынан тыс жерде де оқушыларға сапалы оқыту мен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Тоқсан аяғында олқылықтарды жою бойынша ұйымдастыру- бұл оқушылардың үлгерімі мен білімін арттыру үшін жасайтын тағы бір маңызды қадам. Оқушыларға әртүрлі пәндер бойынша білімдерін тереңдетуге және алдағы оқу жылына дайындалуға мүмкіндік беру үшін қосымша уақыт пен ресурстар ұсынады. Жеке сабақтар, топтық сабақтар, практикалық тапсырмалар және шығармашылық жобалар сияқты оқытудың әртүрлі түрлерін қамтитын қарқынды сабақтарды ұсынамыз. Бұл оқушыларға материалды тереңірек түсінуге және оқу жылы ішінде меңгерілмеген негізгі ұғымдарды бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әр оқушының жеке мәселелері және әлсіз жақтарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Білім диагностикасын жүргізеді және әр оқушының жетістікке жетуіне көмектесу үшін жеке оқу жоспарларын жасайды. Осылайша, олқылықтарды жоюға арналған оқушылардың оқу үлгерімі мен оқу жетістіктеріне деген сенімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың оқу үлгерімін, белсенділігін және мектептің қоғамдық өміріне қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік беретін рейтинг құрастырылады. Бұл үрдіс үздік оқушыларды анықтауға және олардың жетістіктерін марапаттауға көмектеседі, яғни басқа оқушыларды өз нәтижелерін жақсартуға ынталандырады. Оқушылардың рейтингтері оқу үлгерімі, сабақтан тыс іс-шараларға белсенді қатысу, еріктілер қызметі, спорттық жетістіктер және басқа да факторларды қамтитын бірнеше критерийлерге негізделеді. Бұл әр оқушының жетістігінің көптеген аспектілерін есепке ала отырып марапатталады.
Біздің мектептің ұжымы оқушының бейімделу ортасын құруға және арнайы ұйымдастырылған жүйе негізінде ішкі әлеуетін дамытуға тырысады. Мақсатты жұмыс өз нәтижесін беруде. Екі тоқсан үлгерім есебі бойынша орташа есеппен №101 орта мектепте оқу үлгерімінің сапасы кемінде 65\66 % құрайды, бұл Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің белгілеген оқыту жөніндегі қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Оқу үлгерімнің статистикалық деректері
Тоқсандық | 1-4 сынып | 5-9 сынып | 10-11 сынып | Мектеп бойынша |
1 тоқсан | 63,7% | 62,3% | 62,3% | 62,8% |
2 тоқсан | 67,2% | 65,5% | 64,5% | 65,9% |

Нәтижелер бастауыш, негізгі және орта сыныптар бойынша көрсетілген, сонымен қатар бүкіл мектептің жалпы пайызы көрсетілді. Біз сапа деңгейі қалыпты шектерде сақталатынын және рұқсат етілген шектерде өзгеретінін көреміз. Оқу сыныптары мен тілдері туралы толығырақ оқу үлгерімінің статистикалық деректері кестесінде көрсетілген.
Оқу жұмыс жоспары, сабақ кестесі. Вариативті компонент сағаттарын жүзеге асыру
Оқу қызметі мектептегі білім беру үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол оқушылардың білімін, дағдылары мен құзыреттілігін игеруге бағытталған. Қазіргі білім беру мазмұнының ерекшелігі – оқушының білуі керек деген сұраққа жауап беру ғана емес, сонымен қатар дербес оқу қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жеке, коммуникативті, танымдық салаларда әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру. Мектептегі оқытудың әр кезеңі оқушылардың танымдық мотивациясы мен қызығушылықтарын, оқушының мұғаліммен және сыныптастарымен ынтымақтастыққа дайындығы мен қабілетін қамтамасыз етуі, дамытуы және жетілдіруі, қоғаммен және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын анықтайтын моральдық мінез-құлық негіздерін қалыптастыруы керек. Бүгінгі таңда білім берудің басты бағыты – әр оқушының оқу іс-әрекетін қалыптастыру және дамыту.
№101 орта мектептің жұмысы ғылым негіздерін терең игеруге, зияткерлік әлеуетін сақтауға және арттыруға, білім алушылардың жеке бейімділігін, танымдық қызығушылықтары мен кәсіптік бағдарларын ескере отырып, жоғары деңгейдегі әмбебап, элиталық білім беруді қамтамасыз ететін, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.
Білім беру саласындағы нормативтік – құқықтық құжаттардың негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып, №101 орта мектептің сапалы білім берудің қолжетімділігіне мемлекеттік кепілдіктерді, білім алушыларды оқытуды дараландыруды және әлеуметтендіруді қамтамасыз етуге, оның ішінде еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, сондай-ақ мамандандыруды және ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, жалпы білім беруді жаңғыртудың басым бағыттарын негізге ала отырып, әрбір тоқсанға арналған оқу жұмыс жоспарын құрастырады. Мектептің оқу жұмыс жоспары оқу-тәрбие процесін нормативтік-құқықтық база негізінде регламенттейді:
Оқу жоспары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізінде әзірленді және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған: зияткерлік әлеуетін сақтауға және арттыруға бағытталған элиталық білім беру; білім алушылардың жеке бейімділігін, танымдық қызығушылықтары мен кәсіптік бағдарларын ескере отырып, жоғары деңгейдегі әмбебап білім беруді қамтамасыз ету.
Оқу жұмыс жоспарының ерекшеліктері. Оқу жұмыс жоспары инвариантты және вариативті компоненттерден тұрады. Инвариантты компонентке «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» білім беру салаларына біріктірілген міндетті пәндер кіреді. Оқу жоспарының инвариантты бөлігі міндетті пәндік салалардағы оқу пәндерінің құрамын және оларды оқуға бөлінетін сағат санын анықтайды. Білім беру мазмұны білім алушыларды жалпы мәдени және ұлттық маңызы бар құндылықтарға баулуды қамтамасыз етеді, пәндік дағдылар мен жеке қасиеттер жүйесін қалыптастырады.
Оқу жұмыс жоспары: балалардың ғылым негіздерін терең игеруіне бағытталған элиталық білім беруді; зияткерлік әлеуетін сақтау мен арттыруды; білім алушылардың жеке бейімділігін, танымдық қызығушылықтары мен кәсіптік бағдарларын ескере отырып, жоғары деңгейдегі әмбебап білім беруді қамтамасыз ететін жалпы білім беретін, авторлық, эксперименттік оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.
Оқу жоспары білім беру үдерісіндегі сабақтастықты, оқу-материалдық базаны, кадрлық әлеуетті, бірқатар бірыңғай білім беру кеңістігін сақтауға мүмкіндік береді.
1-4 сыныптардағы жұмыс жоспарының ерекшеліктері. 2024-2025 оқу жылында бастауыш білім беру ұйымы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 26,10,№323 , 2024 жылғы 08.02. №27 бұйрықтағы өзгерістер енгізу 6,7-қосымша 11, 12 – қосымшаға сәйкес оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен), «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» бойынша жүзеге асырылады.
Оқытудың бірінші кезеңінде қолданылатын оқу жоспары бірыңғай білім беру кеңістігін сақтауды қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің бастапқы сатысында оқу жоспарын іске асыру барлық кейінгі оқытудың базалық негіздері мен іргетасын қалыптастыруға бағытталған. Оқу жоспарының міндетті пәндері: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру».
Оқу жұмыс жоспарына 1-4 сыныптардың білім беру бағдарламасының вариативті бөлігіне «Спорттық ойындар», «Цифрлық сауаттылық», «Математикалық сауаттылық», «Тіл дамыту әлеміне саяхат», «Сауатты жазу» сияқты пәндер енгізілген, олардың мазмұны оқушыларға тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді, ағылшын тілі, логикалық және стандарттан тыс ойлауды дамыту, бейіндік пәнді оқуға оң мотивация қалыптастырады. Математика шыңы – пәнді терең түсінуге бағытталған оқыту бағдарламасы. Математика шыңы курсының соңында бастауыш сынып оқушылары математиканы түсініп қана қоймай, оны жақсы көреді және өмірдің бөлігі ретінде қабылдайды. 1-4 сыныптарда вариативті бөлімнің арқасында «Қызықты қазақ тілі» пәні енгізілді, оның негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларын мәтіннің түрлерімен жұмыс істеуге үйрету, ақпараттың мәнін тез талдау және түсіну, сыни және логикалық ойлауды дамыту. Мұның бәрі оқушыларға белсенді оқырман болуға мүмкіндік береді және олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
5-11 сыныптардағы жұмыс жоспарының ерекшеліктері. 2024-2025 оқу жылында бастауыш білім беру ұйымы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 26,10,№323 , 2024 жылғы 08.02. №27 бұйрықтағы өзгерістер енгізу 16,17-қосымша, 85,86 – қосымшаға сәйкес оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша жүзеге асырылады.
5-11 сыныптардағы оқу жұмыс жоспарының ерекшеліктері. Негізгі жалпы білім орта жалпы білім, орта кәсіптік білім алу үшін негіз болып табылады. Негізгі жалпы білім беру бағдарламалары білім алушының жеке тұлғасын тәрбиелеу, қалыптастыру, оның бейімділігін, қызығушылықтары мен әлеуметтік өзін-өзі анықтау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ бейін алдындағы даярлықты қамтамасыз етеді. Оқытудың II сатысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіби даярлықтың бағытын таңдау үшін қажетті өзіндік білім беру дағдыларын қалыптастыру жалғасуда. Сондықтан коммуникативтік және тілдік құзыреттілікті дамыту, сондай-ақ одан әрі оқыту бейінін таңдау үшін жағдайлар жасау басымдық болып табылады. Негізгі орта білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру. Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушыларда: рухани-адамгершілік қасиеттерді, ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін, дербес оқыту және жеке өзін-өзі дамыту дағдыларын, оқу, жобалау, зерттеу қызметін жүзеге асыру, сыни және шығармашылық ойлау дағдылары, өзін-өзі жүзеге асыру және қоғамдағы өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Жалпы орта білім беру – білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге, олардың қоғамдық және азаматтық өзін-өзі анықтауына жәрдемдесуге арналған жалпы білім берудің соңғы деңгейі. Жалпы орта білім беру бағдарламалары жоғары сынып оқушыларын кәсіптік қызығушылықтары мен білім беруді жалғастыруға қатысты ниеттеріне сәйкес бейінді даярлауды көздейді. Оқытудың III сатысында білім беру өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын, жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын, кәсіби және жеке өзін-өзі анықтауға психологиялық және зияткерлік дайындықты, теориялық ойлауды және түлектердің жалпы мәдени деңгейін дамытуды жалғастыруға бағытталған. Бұл оқу пәндері мен білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.
Оқу жұмыс жоспарының вариативті бөлігі оқушылардың білім беру қажеттіліктері мен сұраныстарын жүзеге асыруды, біздің мекеменің мамандануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға, ойлауға және ізденуге деген ұмтылысты қалыптастыруға, өз қабілеттеріне деген сенімділік сезімін, тілдік құзыреттіліктерді тәрбиелеуге бағытталған. 5-11 сыныптарда вариативті бөлімді таңдау пәндері оқушылардың сұраныстары мен мүдделерін қанағаттандырады. 5-9, 10-11 сыныптардың оқу жұмыс жоспарының вариативті бөлігін талдау вариативті бөліктің іс жүзінде қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын қамтитындығын көрсетті. 7-11 сыныптарда сауаттылықты арттыруға бағытталған, бұл оқушылардың математикалық ойлау қабілетін жақсартуға, математиканы тұжырымдауға, қолдануға және әртүрлі практикалық жағдайларда есептерді шешу үшін интерпретациялау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. 7-9 сыныптарда «Алгебра»,«Физика», «Биология», «Химия», «География» пәніне 1 сағаттан бөлінген, ол терең білім, білік, тәжірибелік дағдыларды меңгеруге бағытталған. 10-11 сыныптарда таңдау бойынша «Жаһандық құзіреттіліктер», «Элективті курстар», «Көнеден қалған көсем сөз», «Сандық карталарды пайдалану» инварианттық бөліктің пәндерін күшейтуге бағытталған. Вариативті бөлім бейіндік пәндерді оқуды қолдауға, негізгі пәндер бойынша білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Есептік кезеңдегі сабақ кестесінің талдауы келесі жағдайды көрсетті: №101 орта мектепте толық күндік оқу және сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге талапқа сай кестемен беріледі. Бұл оқушыларға оқу процесіне толық енуге, материалды терең зерттеуге және олардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін қосымша іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Инвариантты және вариативті компоненттерден кесте құру уақыт пен ресурстарды мұқият жоспарлауды және басқаруды қажет етеді. Оқушылардың жан-жақты дамуы мен мектептің білім беру мақсаттарына жетуін қамтамасыз ету үшін міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы тепе-теңдікті ескеретін kundelik.kz арқылы сабақ кестесіне қолданылады. Толық күндік оқу режимі оқушылар мен мұғалімдерден жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Бұл материалға тереңірек енуге, күрделі тұжырымдамаларды қарастыруға және практикалық тапсырмаларды, зертханалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар уақытты тиімді пайдалануға ықпал етеді және оқушылар мен мұғалімдерге оқу процесіне жақсы көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2,4 сабақтан кейін 10-15 минуттық үзілістер, демалу, тамақтану және келесі сабаққа дайындалу үшін жеткілікті үзілістер қарастырылған.
Оқу-тәрбие жоспары
Мектептегі басқару механизмі төрт блокқа негізделген: мақсат қою, жоспарлау, басшылық және бақылау. Мектептің басқару қызметін талдай отырып, мектепішілік басқару келесі принциптерге негізделген:
– әкімшілік-басқару персоналының кәсібилігі;
– функционалдық міндеттердің, құқықтар мен жауапкершіліктің айқындылығы;
– тұжырымдалған мақсаттардың мектеп ұжымы мүшелерінің құндылық бағдарларына сәйкестігі;
– мәселелерді анықтау мен шешудегі алқалылық;
– басқару мен бақылаудың демократиялық стилі;
– білім алушылармен, ата-аналармен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтастық;
– қойылған мақсаттарға қол жеткізуде шығармашылық бәсекелестік мүмкіндігі;
– білім беру процесін ізгілендіру.
Білім беру процесінің жай-күйін бақылау мектепішілік бақылау туралы жоспармен, мектептің оқу-тәрбие жоспарымен және мектеп бойынша бұйрықтармен реттеледі. Бақылау қорытындылары педагогикалық кеңестердің отырыстарында, директор жанындағы кеңестерде, директордың орынбасары жанындағы кеңестерде, әдістемелік кеңестің және әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында қаралады. Мектептегі мектепішілік бақылау мектеп жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие процесін бақылаудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
− нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;
− мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;
− оқу процесінің сапасын бақылау;
− білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау;
− оқу-зерттеу қызметі;
− мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау;
− тәрбие сапасын бақылау іс-шараларды өткізу;
−материалдық-техникалық базаны нығайтуды бақылау.
Мектепішілік бақылау объектілері білім беру қызметінің түрлері:
− оқу-тәрбие жұмысы;
− сабақтан тыс жұмыс;
− әдістемелік жұмыс.
Бақылау нысандары әртүрлі: сыныптық-жалпылау, жеке, кешенді – жалпылау, тақырыптық; өткізу кезеңділігі бойынша бақылаудың кіріс, ағымдағы, аралық және қорытынды нысандары бақыланады. Бақылауды іс жүзінде жүзеге асыру үшін келесі бақылау әдістері қолданылады:
− сабаққа қатысу және бақылау;
− құжаттаманы зерттеу;
-білімді тексеру (бөлімдер, тесттер, бақылау жұмыстары);
− сауалнамалар мен сұрақтар;
− талдау.
Осылайша, мектепте бақылаудың әртүрлі түрлері бар, олар келесі жылға жоспарлау кезінде ескерілетін мектеп жұмысындағы оң нәтижелер мен кедергілерді анықтайды.
Бұдан басқа, мектептің әкімшілік кеңесі (мектепті басқарудың ағымдағы мәселелерін талқылау және білім беру процесін дамыту бойынша шешімдер қабылдау үшін тұрақты отырыстар өткізу), ғылыми-әдістемелік кеңес (білім беру процесіне жаңа әдістемелер мен технологияларды әзірлеу және енгізу. Педагог қызметкерлер үшін оқыту семинарлары мен шеберлік сағаттарын өткізу), мектептің бейіндік-эксперименттік қызметі бойынша жұмыс (әртүрлі бағыттар бойынша бейіндік сыныптар мен үйірмелерді ұйымдастыру. Бейіндік іс-шараларды, олимпиадалар мен конкурстарды өткізу), педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес (мектептің тәртіптік кеңесінің (мектеп қызметкерлері үшін) жұмысын, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тәртіптік кеңесті (мектеп оқушыларының әдеп және тәртіп мәселелерін қарауды қамтиды. Құқық бұзушылықтың алдын алу және өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау), ӘБ бірлестік жұмысы және т.б. Әрбір бағыт бойынша өткізу мерзімдері айқындалады, жауапты тұлғалар тағайындалады және күтілетін нәтиже болжанады. Әр оқу жылының соңында оқу-тәрбие жоспарының орындалуына талдау жүргізіледі.
Мектеп жұмысының жоғарыда аталған барлық бағыттары оқу-тәрбие жоспары шеңберінде белсенді түрде жүзеге асырылады, білім беру процесінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Есепті кезеңдегі оқу-тәрбие жоспары оқу пәндерін, тәрбие жұмысын, сабақтан тыс іс-шараларды қоса алғанда, білім берудің әртүрлі аспектілерін ескере отырып, академиялық және тәрбиелік аспектілердің теңгерімді үйлесімділігін қамтамасыз етеді. ОТЖ білім беру стандарттарына, ҚР Оқу – ағарту министрлігінің нормативтері мен ұсынымдарына сәйкес келеді, ОТЖ арқылы біздің мектептің мақсаттары мен міндеттері іске асырылады.
Есептік кезеңде оқу-тәрбие жоспарының орындалуын жалпы талдау, оның сәтті жүзеге асырылғанын және қойылған мақсаттарға қол жеткізгенін көрсетеді. Бұл есептер оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға қатысуы, сондай-ақ білімді бақылау нәтижелері мен үлгерім деңгейі туралы деректерді қамтиды. Білім басқармасы, Әдістемелік орталығының ұсынылған есептер негізінде біздің мектептің қызметіне мониторинг жүргізеді және білім беру процесінің тиімділігіне талдау жасайды. Бұл табысты тәжірибелерді анықтауға, сондай-ақ қосымша назар аударуды және қолдауды қажет ететін проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Білім басқармасы алдындағы тұрақты есеп беру қызметінде № 101 орта мектепте әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік деңгейде білім беру сапасын бақылауға ықпал етеді.
Сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы демалыс уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау Сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығы және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы “Орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы” №101 орта мектепте өз қызметін бұйрықтарды басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫ, КЕМШІЛІКТЕР МЕН ЕСКЕРТУЛЕР
Кемшіліктер мен ескертулер
Мектептің өзін-өзі бағалауы білім беру жүйесін дамыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мектепке өз қызметін талдауға, SWOT талдау арқылы анықтауға және білім сапасын жақсарту үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Үздіксіз даму және жетілдіру табысты білім беру жүйесінің негізгі факторлары болып табылады.
Өзін-өзі бағалау процесі оқыту мен тәрбиенің әртүрлі аспектілерін, соның ішінде оқу бағдарламаларының сапасын, оқыту әдістерін, мектеп өмірін ұйымдастыруды және ата-аналардың білім беру процесіне қатысуын қамтыды. Ағымдағы нәтижелер мен оқу жетістіктеріне талдау жүргізілді.
Шешу жолдары
Өзін-өзі бағалауды жүргізе отырып, № 101 орта мектепте педагогикалық ұжымы өз жұмысын одан әрі жақсарту үшін жоспар әзірледі. Бұл жоспар нақты, өлшенетін, қол жетімді және уақтылы. Жоспарға мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу кабинеттері мен бағдарламаларын жаңарту және жаңғырту, қосымша білім беру мүмкіндіктерін құру, халықаралық бағдарламаларды енгізу, ынтымақтастықты кеңейту сияқты шаралар кіреді.
Мектеп жүйесі мақсаты белгілі бір мамандандыру кадрларын дайындау және оларды кесте бойынша жұмыс істеуге үйрету болды. Робототехника, бағдарламалау, жобалау, кибернетика сияқты білім беру жүйесінің орнына STEM-білім беру жүйесі келді, бұл STEM-нің төрт негізгі бағыты бойынша терең қолданбалы оқытуға бағытталған әдістер мен бағдарламалар аясында осы бағытта белгілі бір жұмыс жүргізілуде. STEM-білім беруді дамыту, білім беру қызметтерін цифрландыру, бағалау жүйесінің сапасын және педагогтерді әдістемелік қолдау жүйесін жетілдіру, білім беру процесінің сапасын жалпы арттыру арқылы білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін одан әрі жағдайларды жетілдіру үшін жоспарлануда.
Білім беру және тәрбие міндеттерін неғұрлым тиімді шешу үшін мектептің әлеуметтік әріптестерімен өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу жүйесін жетілдіру, мектеп қызметінің ашықтығы, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мүмкіндіктері кеңейтілген. Жоғары оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік одан да сапалы деңгейге өтуі тиіс, оның негізгі бағыттары оқу-әдістемелік қызмет болуы тиіс. Ақпараттық-технологиялық, материалдық инфрақұрылымы одан әрі заманауи оқу пәндік кабинеттерімен және зертханалық жабдықталған.
Мектептердің өзара желілік жүйесін одан әрі жетілдіруді жалғастыру, олимпиадалық резерв мектебінде оқыту технологияларын қолдануды жалғастыру қажет. Оқушыларды олимпиадалық қозғалыспен қамтуда санын ұлғайту, пәндік бірлестік пен мұғалімдердің нәтижелілік жауапкершілігін арттыру, STEM мектептер консорциумына кіретін қаладағы үздік мектептерінің оқушыларымен зерттеу жобаларын бірлесе отырып тәжірибе алмасуды құруды жоспарлап отыр..
Сонымен қатар мектепте табысты цифрландыру үшін педагогтердің, қызметкерлердің цифрлық құзыреттілігін одан әрі дамыту, цифрлық білім беру ортасын құру, заманауи талапқа сай электрондық өнімдерді іс жүзінде игеруді танымал ету, жасанды интеллекттің артықшылықтарын енгізу, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Сондай-ақ оқушыларымызға практикалық сипаттағы мүмкіндіктерді (тағылымдамалар, тәлімгерлік бағдарламалары және т.б.) ұсына алатын, әртүрлі бастамаларды (мысалы, «Astana IT University» Халықаралық университеті ) іске асыруға көмектесетін ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажет. Ағартушылық, ақпараттық қолдауды қамтамасыз ете алатын телевизиялық арналармен меморандум жасау қажет.
Балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері жалпы орта және қосымша білім беруді тығыз интеграциялау қажеттілігіне байланысты болмақ. Оқушыларға қосымша білім беруді одан әрі дамыту, негізгі және қосымша білім беруді интеграциялау, балалар мен жастардың патриоттық сезімі мен азаматтығын тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттық кодымызды сақтап, құндылықтарды бойына сіңіруге, экологиялық мәдениетке тәрбиелеуге, болашақ мамандықты табысты таңдау үшін оқушылардың мамандықты зерделеуге, шығармашылық көзқарасын жандандыруға бағытталған республикалық маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Оқушылар сарайы мен «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты», өнер және спорт мектептерімен ынтымақтастықты кеңейту қажет.
Біздің мектептің өзін-өзі бағалауы үздіксіз процесс болып келеді, біз өз дамуымызды үнемі қадағалап отырамыз және қабылданған шаралардың тиімді және мақсаттарға жететінімізге көз жеткізу үшін жаңа бағалаулар жүргіземіз. Бұл процесс біздің мектепке және барлық қызметкерлерге өздерінің SWOT талдау арқылы білуге, іс-шаралар жоспарын құруға және жетістіктерін үнемі бағалауға мүмкіндік береді. Тұрақты түрде өзін-өзі бағалау және өзін-өзі дамыту арқылы ғана біздің мектеп максималды әлеуетке қол жеткізе алады және оқушыларына жақсы білім береді.
Ұсынымдар
2024-2025 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектеп мұғалімдеріне білім сапасын арттыру үшін педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету қажет:
-жоғары сапалы білімге қол жеткізуге бағытталған педагогикалық жүйені жетілдіру;
-мектеп оқушыларының жоғары деңгейде оқуға деген оң ынтасын дамыту, олардың білім сапасын үнемі қадағалау;
-оқуға қолайлы психологиялық ахуал туғызу;
-оқу нәтижелерінің төмен болуының себептерін анықтау және білім алушылардың оқу деңгейіне әсер ететін маңызды психологиялық-педагогикалық факторларды анықтау бойынша талдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;
-әр оқушының мүмкіндіктерін тану.
SWOT талдауы
І. НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ЖӘНЕ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС МЕКТЕП ҚҰЖАТТАМАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІН БАҚЫЛАУ
Күшті Тіркеу кітабының талапқа сай жүргізілуі;Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының оқу бағдарламаларына сәйкестігі;НОБД мен Күнделік кз бойынша контигент сәйкес болуы. | Әлсіз Педагогтердің, білім алушылардың жеке іс-қағаздарын жүргізу толық талаптарының кейбір сыныптарда орындалмауы; (3Д, 4 С, 6 Р, 7 И, 7О, 8 М, 10 В) Күнделікті уақытылы жүргізілмеуі, ескертулердің қайталануы. |
Мүмкіндіктер Мазмұнға, оқу жүктемесінің максималды көлеміне, оқу мерзімі мен білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың сақталуы;Оқу мен оқытудың тиімділігін анықтау, оқушылардың танымдық қызығушылығын және оқу ынтасын арттыру. | Қатер-қауіп Электронды журналдың уақытылы толтырылмау қауіпі;ҰБДҚ электронды базасын уақытылы жүргізбеу және қате толтыру қаупіҚызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, объектінің терроризмге қарсы қауіпсіздігін сақталмауы. |
ІІ. ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
Күшті жақтары Білім алушылардың жиынтық жұмыстарын орындауға қойылатын талаптары Формативті бағалау білім алушылардың оқыту мақсаттарының жетістіктеріне сай жүргізуі1, 2 тоқсанды салыстырғанда 62,8 (65,9) пайызға артып, динамикасы +1,3 өсім пайда болуы; | Әлсіз жақтары Кіші буыннан орта буынға көшу кезінде оқушылардың білім сапасы төмендейді, бұл бір деңгейден екінші деңгейге ауысқан кезде оқушылардың бейімделуіндегі мәселелерді салыстырғанда өзгерістің бар болуы;Жиынтық бағалау білім алушылардың оқу үдерісінде жүргізілмеуі және күнделікте бағалар қойылмауларының анықталуы; |
Мүмкіншіліктер Ата-аналармен, сынып жетекшісімен және пән мұғалімімен оқуға ынталандыру және білім сапасын көтеру мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас жасау;Ағымдағы жаңа 2024-2025 оқу жылында әлсіз тұстармен жұмыс жасалуы;Пән мұғалімдері және білім алушылармен тығыз жұмыс жасап, ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту жолдарын қарастыру;Оқушылардың білім алу ынтасын арттыруға ықпал етуші әңгімелесулер мен іс-шараларға тарту;Тәртібі төмен оқушыларды ата-аналармен бірлесіп жұмысты атқару; Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстарды жандандыру;Оқушыларға ерте жастан кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыру. | Қауіп-қатерлер Оқушылар контигенті, оқушы санының көбеюі; Оқушылардың қабылдауымен және бейіндік білім берудегі оқу материалының күрделілігі;«Өмір қауіпсіздігі негіздері» және «Жол қозғалысы ережелері» оқу курстарын уақытылы өткізу. |
III. БІЛІМНІҢ ОЛҚЫЛЫҚТАРЫН ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ТӨМЕН КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУ
Күшті жақтары Мектептегі білім деңгейінің төмендеу себептерін анықтағаннан кейінгі жұмыстардың жүргізілуі;Білім деңгейін көтеруде қосымша жұмыстардың бірлесе атқарылуы;Lesson Study, AR жобасын қолдану арқылы сабақты бірлесіп жоспарлап өткізуі, талдауы;Бір «4» , бір «3» бар оқушылармен жұмыстың жүргізілуі;Пәндер бойынша оқытудың сапасын және оқушылардың оқу дағдыларының деңгейінің артуы;Оқу мотивациясы төмен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі. | Әлсіз жақтары Білімдегі олқылықтарды толтыруға бағытталған бөлек тапсырмалардың ҚМЖ да болмауы;Оқушылардың қосымша сабақтарға мектептен тыс сыртқа баруы бірақ нәтиже бермеуі, өз уақытын тиімсіз өткізу мен енжарлық танытуы;БЖБ, ТЖБ талдауларының сапалы талдау жүргізілмеуі; Тоқсанда сапасы төмен 3 «», 4 «», 5 «Н», 6 «К», 8 «» сыныптарындың анықталуы;Пәндер бойынша мұғалімдерінің оқытудағы олқылықтар (математика, ағылшын тілі), (химия, биология, физика) пәндерінен төмен сапа болуы; |
Мүмкіндіктер Lesson Study, AR жобаларын қолдану арқылы сабақты бірлесіп жоспарлауға мұғалімдердің көбірек тартылуыҮлгерімі төмен оқушылармен атқарылған жұмыстың нәтижелі,сапалы талдаудың болуы;БЖБ, ТЖБ талдауларының сапалы талдау жүргізілуіне қадағалануы;3 тоқсанға сапасы төмен 3 «», 4 «», 5 «Н», 6 «К», 8 «» сыныптарындың анықталуы, МІБ жоспарлану,бақылауға алуы;Пәндер бойынша мұғалімдерінің оқытудағы олқылықтар -білім сапасын арттыру мәселелері бойынша мектеп мұғалімдерінің кәсіби мәселелерін анықтау және осының негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша мұғалімдерге практикалық ұсыныстар әзірлеу, семинар, курстарға жіберу. | Қауіп-қатерлер Сабақтан денсаулығына байланысты көп қалуына байланысты, турникеттен кейбір оқушылардың өтпей қалуы, оқушыларда білім сапасының түсуі, білімдегі олқылықтарды өз бетінше толтыра алмау қаупінің болуы;Оқушылардың денсаулықтарының әлсіздігі;Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, отбасы тәрбиесінің жеткіліксіздігі;Интернет арқылы берілетін жағымсыз ақпараттан оқушыларға келетін қауіп-қатерлері. |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары К.Алимжанова, С. Кабажаева. А.Ещанова