Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
бос лауазымға конкурс жариялайды
«Аға вожатый»
Мекен-жайы: Жаңа ғимарат дайын болғанша Сауран 5/1 мекенжайы бойынша құжаттар қабылданады.
e-mail: komfortschool_101@mail.ru
Байланыс телефоны: 8700 99 77 030
№ | Оқыту тілі | бос жұмыс орындарының саны | Жүктеме | Қызметтік еңбек ақы | Кандидатқа қойылатын талаптар |
1 | Орыс
Қазақ |
1
|
1
|
Еңбек өтілі мен санаттарына қарай 79 636-дан 95 563-ға дейін. | Білімі: жоғары
Еңбек өтілі бар / Санаты бар;
|
Функционалдық міндеттері | |||||
v білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;
v Таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі; v Клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады; v Ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады; v Қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді; v Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды; |
|||||
Конкурсты өткізу мерзімі | |||||
2024 жылғы тамыз айының 12 мен 20 аралығы | |||||
Құжаттар тізімі | |||||
v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
v жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); v кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); v Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; v еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); v “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). v психоневрологиялық ұйымнан анықтама; v наркологиялық ұйымнан анықтама; v сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); v Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. v тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
|
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды кандидаттар:
– 2024 жылғы тамыз айының 12 мен 20 аралығы аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, хабарландырудың электрондық және қағаз түрінде жарияланған соңғы күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.