
11 қыркүйек күні №101 орта мектебіне ҚР Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері келді.
Қатысушылар қатарында:
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Н.Ж. Оспанова,
- Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Р.А. Қожапова,
- Ана мен баланың денсаулығын сақтау департаментінің директоры М.Х. Ембергенова,
- Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш. Рустемова,
- «Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бас директоры А.Б. Ташметов,
- Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары С. Адылбаев болды.
Сапардың негізгі мақсаты – мектеп асханасының жұмысымен танысу, жаңа мәзір үлгілеріне көшу және оқушыларға медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын зерделеу.
Кездесу барысында мектеп асханасының жұмысына, тағамдардың сапасына, санитариялық жағдайларға, сондай-ақ диеталық медбике мен бракераждық комиссия тарапынан жүргізілетін бақылауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мектептің медициналық кабинеті тексерілді. «Жанұя» медициналық ұйымының директоры Ж.А. Ембердиева мектептегі медицина қызметкерлері иммунопрофилактика шараларын тұрақты түрде жүргізетінін атап өтті: екпе кестесінің сақталуын қадағалайды, ата-аналар мен оқушыларға вакцинацияның қажеттілігі туралы түсіндіреді және емханамен бірлесіп екпелерді ұйымдастырады.
Мектепте балалардың денсаулығын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетіні, «Жанұя» ЖШС медициналық ұйымымен тығыз байланыс орнатылғаны айтылды. Сондай-ақ оқушыларға қауіпсіз әрі сапалы тамақтану және дер кезінде медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған.



