
“Қар десанты” еріктілер эстафетасы
Бүгін Астана қаласындағы мектепішілік және студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен барлық білім ордаларында ерекше шара – “Біргеміз”, “Қар десанты” еріктілер эстафетасы өтті!

Бұл шараның басты мақсаты – жастар арасында бірлік пен татулықты нығайту, сондай-ақ еріктілік қызметіне белсенді қатысуға ынталандыру, еңбекке баулу. №101 орта мектептің парламент мүшелері осы эстафетаны қолдап, өз үлестерін қосты!


