Back

“Мәртебе” ұстаз мәртебесін көтеру жолындағы жаңа қадамдар

Айтбағамбетов Бекімжан Есенұлы – білікті, білімді және талантты информатика пәні мұғалімі. Ол сабақ берумен шектелмей, оқушылардың шығармашылығын дамытуға және XXI ғасыр талаптарына сай дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.

Өмірлік ұстанымы – қателесуден қорықпау!
Қателік – даму жолындағы қадам, ал оны түзету – нағыз жетістік. Ол әрбір оқушыға өз қателіктерінен сабақ алып, үнемі дамуға ұмтылуды үйретеді.

“Start up weekend” жобасының чемпионы және өз саласының шебері ретінде, Бекімжан Есенұлы заманауи технологияларды тиімді қолданып, оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың өзіне деген сенімін арттырады.

Бекімжан Есенұлы – тек ұстаз ғана емес, жас ұрпақтың болашағына бағыт беруші, инновациялық білім беру жүйесін дамыту жолында аянбай еңбек ететін маман. Оқушылардың өз идеяларын жүзеге асыруға және IT саласында бәсекеге қабілетті болуға дайындау.

Leave A Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған