
Мәжілісінің депутаты Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы қонаққа келді

Бүгін мектебімізге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы қонаққа келді. Кездесу барысында халық қалаулысы мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздар қауымымен ашық сұхбат жүргізді.

Мектеп ұжымы депутатпен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді, заманауи оқыту әдістерін және ұстаз мәртебесін көтеру жолдарын талқылады. Әңгіме барысында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Жұлдыз Досбергенқызынан маңызды кеңестер алды.

Осындай маңызды кездесулер ұстаздар қауымының шабыттанып, өз жұмысына жаңа серпінмен қарауына ықпал етеді деп сенеміз. Жұлдыз Досбергенқызына алғысымызды білдіреміз және оның алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
