
Мектеп директорлары стратегиялық сессия аясында Астанадағы білім беру мекемелеріне барып қайтты




«Ұстаз Ұлытау» жобасының қысқы стратегиялық сессиясы аясында мектеп директорлары озық тәжірибені зерделеп, тәжірибе алмасу мақсатында Астанадағы жетекші оқу орындарында болды.
Сапар аясында «Жайлы мектеп» тұжырымдамасын іске асыратын №101 орта мектепте, №96 мектеп-гимназияда және Canadian International School Astana-да болды. CIS Astana директоры Дмитрий Зеброфф Whole Education қағидаттары мен көшбасшылық үлгілері туралы, ал шетелде білім беру жөніндегі сарапшы Ирина Щербакова оқушылар үшін халықаралық мүмкіндіктер туралы дәріс оқыды.
Мұндай сапарлар үздік білім беру практикаларын іс жүзінде көруге және оларды өз мектептеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.
Біздің жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар — стратегиялық сессияның одан да қызықты нәтижелері әлі алда!