
«Мектебім-мейірім мекені»

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №101 орта мектепте алғашқы шаттыққа толы 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді.
2024-2025 оқу жылында 1-сыныпқа 600 оқушы қабылданды. Мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Касымовна, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Жумадильдаева Наталья Васильевна ұстаздарды және шәкірттерді мерекемен құттықтады.
Мектеп директоры Жумабекова Алма Алтынханқызы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді сынып жетекшілерімен бірге, жаңа ғимаратқа алғашқы сабақ және мектеппен танысуға шақырды.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата – аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!






