Back

Ляззат Түркестанова арнайы қонақ болып келді

101 мектеп барлық нәзік жандыларды, аяулы ұстаздарды және асыл АНА-ларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздермен мектебімізде өткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған тамаша естеліктерімен бөліскіміз келеді. Мереке қарсаңында мектебімізге белгілі журналист, редактор Ляззат Түркестанова арнайы қонақ болып келді. Кеш барысында оқушыларымыз бен ұстаздарымыз дайындаған керемет кеш ұйымдастырылып, ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. Осы орайда, барша әйелдер қауымын көктемнің ең әдемі мерекесі – 8 наурызбен тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Leave A Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған