КММ «Жалпы орта білім беретін мектеп №101»
Салынған жылы: 2024
Жобалық қуаттылығы: 2000 орын
Мекенжайы: Астана қаласы, Төле би 57 А
Оқушылар контингенті: 3757
Сынып-комплектілер саны: 136, оның ішінде қазақ тілінде оқытылатын сыныптар – 62, орыс тілінде оқытылатын сыныптар – 74
Оқу ауысымы: 2 ауысым
Білім беру бағыттары: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық
Мектеп директоры: Жұмабекова Алма Алтынхановна
Мұғалімдер контингенті: 210, оның ішінде әкімшілік-басқару құрамы – 8 адам
Мектеп қызметі орта білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама стандарты мен бірыңғай «Адал Азамат» бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
Мектеп миссиясы: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде әділдік қағидатын ұстана отырып, лидерлер ұрпағын тәрбиелеу.
Эгалитарлық мектеп төмендегі қағидаттарды ұстанады:
• Барлық оқушыларға тең мүмкіндік
• Барлық оқушылар үшін білім сапасын арттыру
Мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (ЕББҚ) 34 балаға жағдай жасалған, инклюзияны қолдау кабинеттері мен сенсорлық кабинет жұмыс істейді.
КММ «ЖОББМ №101» жоғары кәсіби әлеуетімен және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы белсенділігімен ерекшеленеді. Мектепте 210 педагог жұмыс істейді, олардың 98%-ы жоғары білімді, 41-і ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр, 6 педагог (2%) орта-арнаулы білімге ие. Мұғалімдердің біліктілік санатының жоғары үлесі кадр құрамының мемлекеттік талаптарға сай екенін және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмысты дәлелдейді.
Мұғалімдер қалалық, республикалық және халықаралық білім беру іс-шараларына белсенді қатысады. 7 қалалық семинар өткізіліп, 180 жылдық Абай мерейтойы мен жаратылыстану-математикалық пәндерге жасанды интеллектті енгізуге арналған 2 халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Ұжым инновациялық-эксперименттік режимде жұмыс істеп, 7 қалалық жобаны жүзеге асырады: «Құндылыққа негізделген білім беру», «Бала Абай», «Мәртебе», STEM, «Математикалық клуб», «Көркем жазу», Speaking club.
Ағымдағы оқу жылында педагогикалық ұжым Ы.Алтынсарин атындағы ҰАО-мен бірлесіп 5 пилоттық жобаны енгізуде: Google Classroom for Education, Roqed AI, Dana Tiin, Ikitap, Steam.kz және Just EDU.
Буллингтің алдын алу мақсатында мектепке Kepler Vision интеллектуалды бейнабақылау жүйесі орнатылды.
Мұғалімдер функционалдық сауаттылық, білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне арналған халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысты. Республикалық деңгейде ұжым PRO.NRG Fest, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы және педагогикалық идеялар фестивалі сияқты іс-шараларда танылды. Қалалық деңгейде семинарлар, Lesson Study шеберлік сабақтары, пәндік олимпиадалар және кәсіби конкурстарға белсенді қатысты.
Мектеп ғимараты «Күміс» деңгейіндегі жасыл құрылыс сертификатына ие (KazGBC BL-0012-2025), бұл оның заманауи экологиялық талаптарға сәйкестігін растайды.
Мектеп оқушылары аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетуде. Оқушылар NXplorers жобасының жеңімпазы атанып, 1 000 000 теңге көлемінде грант ұтып алды, сондай-ақ «Зерде» ғылыми жобалар конкурсы, пәндік олимпиадалар, шығармашылық және тілдік байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Бірқатар бағыттар бойынша оқушылар 100% нәтижеге қол жеткізді.
Білім сапасы – 73,4%. 2024-2025 оқу жылында 2 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, 5 түлек – үздік аттестат алды. Білім сапасының тұрақтылығы пән мұғалімдерінің жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. 11-сынып оқушысы «XXI ғасыр көшбасшысы» жобасында мектеп намысын қорғауда, сондай-ақ Президенттік олимпиадаға қатысушы – 11-сынып оқушысы.
Сонымен қатар мектеп жұмысына қатысты мәселелер де бар. Негізгілері — бастауыш және орыс тілінде оқытатын орта буын сыныптарының тығыздығының артуы, бұл оқу кабинеттері мен педагогтерге түсетін жүктемені көбейтеді.
